Қаріп өлшемі
Түс
Суреттер
← Барлық жаңалықтар
Жаңалықтар / БАҚ біз туралы2026 ж. 18 қазан

Sozbar.kz порталындағы E-NGO платформасы туралы

Sozbar.kz порталындағы E-NGO платформасы туралы

Sozbar.kz ақпараттық порталында Қазақстанда коммерциялық емес ұйымдарға арналған бірыңғай E-NGO онлайн-платформасының іске қосылуы туралы материал жарық көрді. Платформа донорларға, ҮЕҰ-дарға және бенефициарларға жобаларды, қаржыны және есептілікті нақты уақыт режимінде басқаруға мүмкіндік беретін цифрлық экожүйе болып табылады.

Бұл неліктен бүгінгі таңда маңызды:

• Деректерге негізделген сенім. Біз енді сенім тек миссияға ғана сүйенетін модельде өмір сүрмейміз. Енді ол нақты цифрлармен расталуы керек.

• Жаңа стандарттар. 2025 жылдың қазан айында Женевада арнайы КЕҰ секторы үшін әзірленген INPAS халықаралық есептілік стандарты қабылданды. Ережелер өзгеруде: донорлар ниетке емес, дәлелденген әлеуметтік нәтижеге инвестиция салады.

• Цифрлық инфрақұрылым. Заманауи IT-шешімдерсіз қаражаттың бөліну ашықтығын қамтамасыз ету, нәтижелерді нақты уақыт режимінде көру және әлеуметтік үлесті объективті бағалау мүмкін емес.

E-NGO тәсілі процестің барлық қатысушыларын бірыңғай кеңістікке біріктіріп, әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттырады. Біз коммерциялық емес сектор жұмысы принциптерінің толықтай жаңадан жиқталуын бақылап отырмыз.